Торғайда республикалық жыршы-термешілер байқауы басталды

Торғайда республикалық жыршы-термешілер байқауы басталды

Міржақып бабамыздың тойы «Қазақ үшін шам қылған жүрек майын» атты республикалық жыр-терме орындаушылар байқауымен жалғасын тапты.

Бірегей жобада ел көзайымына айналып жүрген тоғыз өнерпаз сынға түсіп жатыр. Олар: Ұлдана Нұртуған, Жасұлан Есімхан, Фархат Жәніш (Астана), Бекарыс Көштаев (Шымкент), Арғынбек Бейбітхан, Сәуле Жұмабай, Айжан Санай, Гүлбағым Қайыржанова, Байдос Қожасағиев (Қостанай облысы).blankblankblankblankblankblankБайқау ережесі бойынша, әр қатысушы екі шығармадан орындайды. Алғашқысында Міржақыптың бір өлеңін өз мақамдарына қосады. Ал екінші туынды ретінде Тобыл-Торғай өңіріне тән жыр-терме дайындап әкелген.blankblankҚатысушыларға белгілі жыршы-жырау, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алмасбек Алматов, әнші, халық музыкасын зерттеуші Бағылан Бәбіжан, дәстүрлі әнші Ерболат Шалдыбеков, республикалық ән байқауларының лауреаты Айтбек Нығызбаев және «Тобыл-Торғай әуені» музыка анталогиясын құрастырушы, ғалым, айтысқер ақын Батырлан Сағынтаев төрешілік етіп жатыр.blankblankblankblankblankblankblankblankБайқау қорытындысы туралы ақпаратты күткейсіздер.

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев