Торғайда балалар мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

Торғайда балалар мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «DAN-AS» шығармашылық орталығы мен «Жылы Ұя» балабақшасының ұйымдастыруымен «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік кешті маслихат төрағасы Анар Мұратқызы құттықтап ашып берді.

blank blank blank Мерекелік іс-шара бүлдіршіндер мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды. Салтанатты концерт жүргізушінің балаларға арнаған жүрекжарды амандасуымен басталды. Балғындарға арналған ақ тілектер мен жарқын болашаққа сенім білдіретін құттықтау сөздер айтылды.

blank blank blank blank blank blank blank

«Бала деген бір бақыт қой самғайтын,

Ата-ананың арманы мен тілегін

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын» – деген жүрек тебірентер шумақтар кештің мәнін айқындай түсті.

blankКонцерттік бағдарламада түрлі өнер түрлері қамтылды. Домбырашылар ансамблінің орындауындағы Ерболат Құдайбергеновтің «Мен қазақпын» шығармасымен ашылды. Одан әрі Бірлік тобының орындауындағы «Рух» әні мен Медина Низами шырқаған «Бала тілегі» көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

blank

blankКішкентай бишілер орындаған «Микки Маус», «Ковбой», «Қамажай» және «Индийский танец» билері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ал жетігеншілер тобының халық әндерінен попурри орындауы ұлттық өнерге деген құрметті ұғындырды.

blankКонцерт барысында балалар тек ән айтып, би билеп қана қоймай, сахнада ойынға да қатысты. Олар әртүрлі қимыл жасап, «Стоп» белгісімен әріптерді бейнелеу арқылы сахнаны көңілді ойын алаңына айналдырды.

blankКеш соңында хордың орындауындағы «Балабақшаға мың алғыс!» әні барлық ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған алғыс ретінде шырқалды.

blank«Болашағы біз елдің» атты финалдық әнмен концерт өз мәресіне жетті. Жеке кәсіпкер Асхат Сафарғалиев тәрбиешілерге алғысын білдіріп, арнайы алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.

Бұл  тек мереке ғана емес, еліміздің болашағы саналатын балаларға көрсетілген құрмет пен үміттің белгісі. Осындай тәрбиелік мәні зор концерттер ұрпақтың рухани әлемін байытып, олардың бойында өнерге, елге, мәдениетке деген сүйіспеншілікті оятады.

Жанкелдин ауданы