Тобыл жағалауында жаңа стадион ашылды

Тобыл жағалауында жаңа стадион ашылды

Республика күніне орай Қостанай қаласындағы «Шағала» жағалауында жаңа футбол стадионы пайдалануға берілді.

Бұл нысан – әуелі, жасанды көгал жабыны және 500 трибунасы бар футбол алаңы. Сондай-ақ мұнда баскетбол, волейбол алаңдары, 400 метрлік жүгіріс жолағы, секіріс шұңқыры қарастырылған. Айналасы толықтай абаттандырылып, жағалаудағы сәнді спорт нысандарының біріне айналып шыға келді. blankblankblankblankСпортсүйер қауымның қуанышын облыс әкімі Құмар Ақсақалов бөлісе барып, құттықтау лебізін жолдады.blankblank

«Құрметті қауым, баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Спорт – денсаулық кепілі. Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға баса мән береді. Тиісті тапсырмалар беріліп, бағдарламалар бекітілді. Өңірде кейінгі үш жылда қырықтан астам спорт нысаны ашылды. Бес ірі кешен салынып жатыр. Бүгінгі стадионның ашылуы да зор маңызға ие. Бұл маңның жартылай бос, өскін басқан аумақ болғаны есімізде. Әрқайсымыз қолымыға құрал-сайман алып, тазартуға күш біріктірдік. Нәтижесінде жағалауды абаттандырудың қисынды жалғасы ретінде осы стадион бой көтерді. Сұранысқа ие, тартымды нысанға айналатынына сенемін», – деді өңір басшысы.

blankblankСтадионның ашылу рәсімі бүгінгі мерекемен астасып, асқақ көңіл-күймен өтті. Жиылған спорт жанкүйерлерінің қарасы қалың, қиқудан құлақ тұнады. Оның себебі де бар – қос мерекеге орай футболдан жолдастық кездесулер өткізу жоспарға енгізілген. Аймақ басшысы ала допты алаң ортасынан ойынға қосып беріп, ары қарай командалар арасындағы дода қыза түсті. Басқа алаңдарда да жаттығулар басталды.blankblankblankblankblankblank blankblankАл облыс әкіміне екінші қабаттан  кеме пішінінде салынған көрермендер орны, сондай-ақ жалпы нысан аумағының абаттандыру жұмыстары таныстырылды.blankblankblankblank

Толығырақ – газеттің алдағы санында.

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ