Қостанай аудандық ауруханасының жанынан спирттік ішімдіктерді тұтыну фактілерін анықтайтын медициналық куәландыру пункті ашылды.
“Жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кабинетті ашып жатырмыз. Пункт медициналық жаңа үлгіде жабдықталды. Жұмыс істеу алгоритмі де арнайы мамандандырылған”, – деді аудан әкімі Берік Таңжарықов.
Медициналық куәландыру пункті процестің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін болады.