Тазалық жұмыстары басталады

Тазалық жұмыстары басталады

Көктем келісімен қалада санитарлық-тазалық жұмыстары басталады. Жыл сайынғы үрдіс биыл да жалғасын таппақ. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Данияр Сәбитовтың айтуынша, биылғы тазалық жұмыстарын 1-сәуірден бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы дүйсенбілік аппарат кеңесінде айтылды.

Қала аумағындағы санитарлық-тазалық жұмыстары 1-сәуірден басталып, екі айға созылады. Акцияға облыс орталығындағы мемлекеттік мекемелер, қалалық мәслихат депутаттары, жастар, еріктілер, үкіметтік емес ұйымдар, қалалық ұйымдар, кәсіпорындар жұмылдырылады.

– Тазалық жұмыстары аяқталған соң қоқыстың жинақталған орнын 109 нөмірі бойынша “Айкөмек” ахуал орталығына хабарлаңыздар. Бұл қадам мердігер ұйымдарға қоқысты жедел шығарып тастауға мүмкіндік береді. Екі айлық мерзімде Солтүстік полигон алаңында қоқысты жинау және шығару жұмыстары тегін жүргізілетінін хабарлаймыз, – деді ТКШ бөлімінің басшысы Данияр Сәбитов.

 

Қымбат ДОСЖАНОВА.

Сурет мұрағаттан.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу