Жергілікті атқарушы органдар су тасқыны салдарын жою, соның ішінде зардап шеккендерге мүлікті қалпына келтіру бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгінде 864 үй зерттелсе, оның 561-і қалпына келтіруге жарамды. Бұл үйлерге келтірілген шығын бағаланған соң, тиісті сома төленеді. Қалпына келтірілмейтін 303 үйдің орнына жаңа баспана біреледі.
Оңтүстік өңір тұрғындары және жалпы барлық халық үшін басты көмек – өлген малы үшін өтемақы. Залалды өтеу бойынша төлемдер бағалау жұмыстарынан кейін жүргізіледі.
Қазіргі уақытта 637 бас малды бағалау бойынша есептер дайын, 64 млн теңге өтемақы төленді.
Зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен басталған.
Қазіргі таңда біржолғы әлеуметтік төлемге 3180 өтініш берілді. 1720 жанұяға 635 млн теңге төленді.
Өтініштерді қабылдау және төлеу жалғасу үстінде.