Референдум – 2026: есте қалар ең жарқын сәттер

Референдум – 2026: есте қалар ең жарқын сәттер

Бүгін, 15 наурыз күні «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы Қостанай облысындағы 700 ашық дауыс беру учаскесінде бақылау жүргізді.

Өңірде тұрғындардың жоғары азаматтық белсенділігімен қатар ерекше мерекелік атмосфера да байқалды. Бақылау барысында қандай да бір заң бұзушылықтар мен оқыс жағдайлар тіркелген жоқ.

Облыс аумағындағы референдум учаскелерінде тұрғындардың бірлігі мен ынтымағын айқындайтын бірқатар жарқын сәттер назарға ілікті.

1. Ұрпақтар сабақтастығы мен бірлік.
Қостанай қаласындағы №860 рефренедум учаскесінде егіздер жұбы қоғам назарын аударды. Бірдей киіммен дауыс беруге келген олар бірлік пен азаматтық белсенділіктің жарқын символына айналды.

2. Ұлттық нақыш.
Әулиекөл ауданындағы учаскелердің бірінде халық ертегілерінің кейіпкері — «Тазша бала» дауыс берді. Ұлттық киім киген кейіпкер тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.blank

3. Жастардың белсенділігі.
Дауыс беру процесіне жас буын өкілдері де белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.blank

«Дауыс» коалициясының өкілдері сайлау учаскелерінде таңертеңнен бастап жабылғанға дейін патриотизм мен азаматтық жауапкершілік рухы сезілгенін атап өтті. Облыс тұрғындары жай ғана дауыс беріп қоймай, Қазақстанның болашағына деген өз үлесін қосып отыр.