Лесное ауылының маңындағы «Рудный-Қашар» айналма жолында балшық массасына кептеліп қалған жүк автокөлігінің жүргізушісіне құтқарушылар көмек көрсетті.
«Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне келіп түсті, тез арада оқиға орнына өтімділігі жоғары техникамен құтқарушылар жіберілді. Арнайы техника көмегімен құтқарушылар көлікті жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болмады», – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.