Құмар Ақсақалов Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай құттықтау жолдады

Құмар Ақсақалов Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай құттықтау жолдады

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ұлы ағартушы, көрнекті педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай жерлестеріне құттықтауын арнады.

Облыс әкімі өз құттықтауында ұлт тарихында өшпес із қалдырған ұлы ұстаздың қазақ даласында білім беру ісін дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

«Бүгін ұлы ұстаз, даламыздың шамшырағы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл.
Ұлтымыздың тарихында өшпес із қалдырған көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог, жазушы әрі қоғам қайраткері саналы өмірін халықты білім мен ғылымға шақырып, жас ұрпақтың сауатын ашуға, тәрбие беру ісіне арнады. «Кел, балалар, оқылық!» деп ұран тастаған ұлы ұстаздың ғибратты ғұмыры мен асыл мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жойған жоқ.
Қазақ даласында зайырлы мектептер ашып, білім беру ісіне жаңашыл әдістер енгізді, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастырды. Ыбырай Алтынсариннің есімі мен еңбегі туған жері – Қостанай өңірімен тығыз байланысты. Біз бірегей тұлғаның рухани бай қазынасын сақтау, насихаттау және келешек буынға жеткізуді қасиетті парыз санаймыз. Ұлы ұстаздың тағылым мен ізгілікке, адамгершілікке негізделген өнегесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!» – деді әкім.