Қостанайлық оқушылар жазғы демалысты балалар шығармашылық үйінде өткізіп жатыр

Қостанайлық оқушылар жазғы демалысты балалар шығармашылық үйінде өткізіп жатыр

Жазғы демалыс басталғаннан бері Қостанай қалалық Балалар шығармашылық үйінде мектепалды алаңы өз жұмысын бастады. Аталмыш алаңның жұмысы жыл сайын түрлі форматқа ауыстырылып өтуде. Мұнда балалар бос уақыттарын тиімді өткізіп қана қоймай, өздерінің музыкалық, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамытып, шыңдай түспек. Биыл экологиялық және патриоттық тақырып баса назарға алыныпты. Бізде мектеп алаңының бір күнін балалармен бірге өткізіп көрдік. Бұл жолы «Теңізге саяхат және қарақшылар» тақырыбына саяхаттадық.  

Жазғы демалыс балалардың бос уақытының едәуір бөлігін құрайды. Бұл кезең олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, жеке мүмкіндіктерін жақсартуға, мәдени құндылықтармен танысуға, жеке қызығушылықтарын қанағаттандыруға барынша қолайлы уақыт. Осыған орай  жеткіншектерге хореография, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, жартасқа өрмелеу  және т.б үйірмелері өткізілуде.

«Жазғы демалыс аяқталғанша бұдан басқа да көптеген қызықты шаралар өткізу жоспарда бар. Біз жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларымен бірлесіп жұмыс жүргіземіз. Шығармашылық үй қабырғасында балалармен  аптасына екі  рет тақырыптық қызықты іс-шаралар өтеді. Ал, шалғай жатқан мектептерге жұмасына бір рет барып келеміз. Жазғы лагерьге шамамен 70-80 бүлдіршін қатысады. Бір айта кетерлігі, биыл бізге үлкен LED экран сыйға берілді. Соның арқасында өткен әрбір шара көтеріңкі көңілді күйдегі мультфильм кейіпкерлерімен тәмамдалады»- дейді Қостанай қалалық балалар шығармашылық үйі директорының орынбасары Гүлжан Баишева.

Бір күн Қостанай облыстық қуыршақ театрының қатысуымен жас көрермендерге жолда жүру ережелерін еске сақтап, абай болу мақсатында аса қызықты шеберлік сыныптарын көрсетілуде.

«Қаладағы №24 бастауыш мектеп-гимназиясы оқушылары балалар шығармашылық үйінің ұжымымен үнемі тығыз байланыста. Біздің оқушыларымыз ай сайын бірнеше іс-шараларға, балалар шығармашылық үйінің ішінде ұйымдастырылған үйірмелерге де қатысып тұрады. Біздің мектептен бүгін 65 оқушы алып қатысты. Оқушылар қуыршақтармен жұмыс жасап, өздерінің актерлік шеберліктерін дамытуға мүмкіндік алуда. Одан кейін балаларға тағы да қызықты мультфильм көрсетіледі. Менің ойымша жазғы алаң өте жақсы ұйымдастырылған. Себебі балалар спорттық ойындар, мәдени іс-шараларға қатысып бой сергітеді», – деп өз ойымен бөлісті №24 бастауыш мектеп-гимназиясының мұғалімі Қанағат Ермекова.

Алаңның белсенді қатысушысы Әлихан Жамбылдың айтуынша, іс-шара балаларға  ерекше қуаныш сезімін сыйлады.

«Жазғы алаң маған қатты ұнады. Мұнда өтіп жатқан әрбір іс-шараларға, спорттық ойындарға белсене қатысамын. Өзіме достар таптым. Мысалы, біз бүгін таңғы жаттығу жасап, көңіл-күйімізді көтердік. Қазір қуыршақтармен бірге шеберлік сабақтар өтудеміз», – дейді Әлихан Жамбыл.

Гүлжихан ЕРМҰХАНОВА,

ҚӨУ студенті

Суреттерді түсірген Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Жаңалықтармен бөлісу