Полицейлердің хабарлауынша жол-көлік оқиғасы ауа райының күрт нашарлауынан орын алған.
Апат салдарынан ешкім зардап шекпеген. Тек автокөліктерге материалдық шығын келтірілген.
«Апаттың алдын — ала себебі – ара-қашықтықты сақтамау. Апат орнында болған оқиғаға құқықтық баға беретін патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеуде», – дейді ПД өкілдері.
Қазіргі уақытта жолдарда көктайғақ байқалады. Полицейлер кезекті мәрте жүргізушілерді мұқият болуға, жылдамдық режимі мен ара-қашықтықты сақтауға шақырады. Қысқы дөңгелекті уақтылы ауыстыруды және ұзақ сапарлардан бас тартуды сұрайды.