Қостанайда қар аршу жұмыстары қарқын алды

Қостанайда қар аршу жұмыстары қарқын алды

Қостанайда соңғы тәулікте айлық нормаға тең жауын-шашын түсті, қазіргі уақытта қар борап тұр. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері жұмысты күшейтіп жүргізіп, көшелерді дер кезінде тазарту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша техника мен мамандарды жұмылдырып отыр.

«Өткен түні көшелерді қардан тазалауға 116 бірлік арнайы техника шығарылды, бүгін күндіз 123 техника бірлігі және 250 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жұмыстар қаладағы көше-жол желісін қыс мезгілінде күтіп-ұстаудың бекітілген алгоритміне сәйкес ұйымдастырылды. Ең алдымен магистральдық жолдар, көлік қозғалысы қарқынды негізгі көшелер, қоғамдық көлік маршруттары, сондай-ақ ауруханаларға, мектептерге және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарға баратын жолдар тазаланып жатыр. Кейін екінші және үшінші санаттағы көшелерде қар жинау жүргізіледі. Тазалау жұмыстарына қарды механикалық тазалау, көктайғақтың алдын алу мақсатында өңдеу және қарды қала көшелерінен шығару кіреді», – деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

blank blank blank

Осылайша, коммуналдық қызметтердің жұмысы тәулік бойы жүргізілуде. Қалалық әкімдік тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және арнайы техниканың жұмысына кедергі келтірмеу үшін автокөліктерді рұқсат етілмеген жерлерге қоймауға шақырады.