Қостанайда полицейлер ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі

Қостанайда полицейлер ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қостанай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қаладағы гараж аумақтарының бірінде есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтаған деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады.

Тінту барысында күдіктіден ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған орамдар табылған.

blank

Сондай-ақ осындай зат гараж үй-жайынан да анықталған.

«Медициналық сараптама нәтижесінде ер адамның ағзасынан есірткі қолданғаны анықталды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат — жалпы салмағы шамамен бір килограмм болатын гашиш болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі («Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.