Қостанай полицейлері есірткі қойып кетуші күдіктіні қолға түсірді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз әрекетпен айналысқан 29 жастағы тұрғынды ұстады. Тінту кезінде күдіктіден a-PvP психотроптық есірткі затының 1 zip пакеті тәркіленді. Оны да таратпақ болған. Мұның сыртында, күдіктінің үйінен изолентаға оралған 74 zip пакеті және ұнтақ заты бар 5 zip пакеті табылды.
«Есірткінің жалпы салмағы – 30,62 грам. Zip пакеттерде a-PVP және мефедрон психотроптық есірткі заты болды. Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», – делінеді ПД хабарламасында.