Жанар-жағар май сатудан бас тартқандар заң алдында жауап береді

Жанар-жағар май сатудан бас тартқандар заң алдында жауап береді

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағар май құю станцияларына мұнай өнімдері саудасына шектеу қойғандары үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

❗️Ел өңірлерінде жанар-жағар май құю станцияларында ЖЖМ өткізуді шектеу фактілерінің жиілеуіне байланысты БҚДА бұл әрекеттер монополияға қарсы заңнаманы бұзу болып саналатынын еске салады.

🛑Кәсіпкерлік кодекс нарыққа қатысушылардың келісілген іс-әрекеттеріне және басым компаниялардың тауарды өткізуден негізсіз бас тартуына тыйым салады.

🔴Сондай-ақ азаматтардан ЖЖМ сатудан бас тартылған жағдайларда Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне, ал белгіленген бағалар асып кеткен жағдайда Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіну сұралады.

Жаңалықтармен бөлісу