Қостанайда Allur алып Digital-киіз үй орнатты

Қостанайда Allur алып Digital-киіз үй орнатты

Қостанай қаласында Наурыз мейрамы аясында Allur компаниясы еліміздегі ең ірі киіз үйлердің бірін — ерекше Digital-киіз үйді көпшілік назарына ұсынды.

Облыс әкімдігі ғимараты алдындағы орталық алаңда орнатылған 18 қанатты алып құрылым 150 адамға дейін сыяды. Бұл киіз үй мерекенің басты тартымды нысандарының біріне айналды.

Жоба дәстүр мен заманауи технологияны үйлестірген. Киіз үйдің іші бірнеше интерактивті аймаққа бөлініп, келушілерге баланың технологияға деген қызығушылығынан бастап, нақты автокөлік өндірісіне дейінгі жол көрсетіледі.

Қонақтарға балалар шығармашылығы, 3D-модельдеу, робототехника, автокөлікті VR арқылы құрастыру станциялары ұсынылған. Сонымен қатар, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолданылатын жасанды интеллект элементтері бар ситуациялық орталық таныстырылды. Ал арнайы фотозонада келушілер ұлттық нақыштағы цифрлық бейнесін жасап көре алады.

Киіз үйдің орталық нүктесі — биіктігі шамамен 3,5 метр болатын «Digital Baiterek» инсталляциясы. Бұл нысан өсімнің, сабақтастықтың және болашақтың символы ретінде ұсынылған.

Жаңа жобамен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысып, оның тұжырымдамасына жоғары баға берді.

blank blank blank blank blank blank

Кәсіпорын мәліметінше, бұл бастама Allur компаниясының даму бағытын — білім беру, кадр даярлау және жоғары технологиялы өндірісті ұштастыруды көрсетеді.