Қостанайда әскерилердің жиырма екінші республикалық біріншілігі басталды

Қостанайда әскерилердің жиырма екінші республикалық біріншілігі басталды

6697 әскери бөлімінің базасында спорттық – бұқаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес волейболдан “Орталық” өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өтіп жатыр.

“Орталық” өңірлік қолбасшылығының 22-ші спартакиадасының аясындағы жарысқа СҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарынан келген әскери бөлімдердің құрама командалары қатысады.

“Біз бүгін әскери бөлімінің тарихында бірінші рет салынған жаңа спорт залында қонақтарды қабылдау құрметіне ие болдық. Әскери қызметшілерге ыңғайлы болу үшін , олар әркез дайындықта болулары үшін арнайы салынған спортзал өте кең және спорттық жабдықтармен қамтылған. Бұл спорттық жарысқа әр қаладан келген барлық әскери қызметшілер, атап айтқанда “Орталық”өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің командалар қатысады. Осы ойындардың қорытындысы бойынша Бас қолбасшының кубогы үшін ең мықтылар анықталып, содан кейін республикаға Ұлттық ұланның волейбол командасының атынан қатысатын команда анықталады”, – деді 6697 әскери бөлімінің командирі полковник Т. К. Әбдіров.

Айта кету керек, жарыс 3 күн өтеді және әр команда бір-бірімен ойнап, ең мықтыларын анықтайды. Ойынның бас төрешісі, іс – шараның арнайы қонағы, “Орталық” өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт дайындығыныың бастығы, полковник А. Апасов екенін айта кетейік.

19 қаңтарда жарыс қорытындысы анықталады.

 

Жаңалықтармен бөлісу