Қостанай қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткен жылы 327,5 млн теңгеге 24 жоба іске асқан. Ал биылға 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Қостанай қаласы әлеуметтік тапсырысты бюджеттік бағдарламалардың төрт әкімшісі жүзеге асырады. Олар ішкі саясат пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және мәдениет және тілдерді дамыту мен дене шынықтыру және спорт бөлімі.
“Осы жылы жобалар құны 381,6 млн теңгеге жоспарланған. Қазір мемлекеттік сатып алу апорталында жариялау сатысында тұр. Жалпы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда 2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қаржыландыру 15% ұлғайды”, – дейді қалалық ішсі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков.
Қаржыландырудың 78% халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету үшін бағытталған. Жұмыспен қамту бөлімі арқылы игеріледі.
“Әлеуметтік маңызы бар жобалардың дені жастарды қолдауға бағытталған. Мысалы, “Жасыл ел” жастар еңбек жасақтарының қызметін атап өтуге болады. Былтыр маусымдық жұмысқа үш айда 350 жас жұмыс істеді. Бұан дейін “Жасыл ел” қатарындағы жастар 60-70 мың теңге алып келсе, енді қолға 100-150 мың теңге көлемінде алатын болады”, – деді Олжас Дүйсеков.
Сонымен қатар, қаланың шығармашылық жастарын қолдау жұмысты жалғастыруда. 2023 жылы “Jastar fest” жастар фестивалі өткізілді. Жоба биыл да жалғасын табады. Сондай-ақ, Қостанай қаласының 145 жылдығына орай “Қостанай аруы – 2024” байқауын қала күнін атап өту бағдарламасына енгізу жоспарланып отыр.
Сералы МЫРЗАБАЙ