Жүз жылдық тарихы бар “Қостанай таңы” газеті жаңа жыл қарсаңында оқырмандарына жазылу үшін жаңа мүмкіндік сыйлап отыр.
Kaspi.kz қосымшасы арқылы жазылу үшін “Төлемдер” бөліміне кіріп, “Басқасы” тармағына өтіңіз. Әрі қарай “ҚР баспа басылымдары”, одан соң “Баспасөзге жазылуды” басып, баспа басылымдарынан “Қостанай таңы” газетін таңдаңыз. Жазылу кезеңін, жеткізу мекенжайын толтырыңыз. Содан кейін төлейтін сомаңыз көрінеді. Тиісті қаржатыңызды төлеп, үйіңізден газетті күтетін боласыз.
Ескерте кетейік, “Қостанай таңына” облыс тұрғындары ғана жазыла алады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыстық газет екінші жыл қатарынан ұтыс ойынын ұйымдастырған еді. Онда шипажайға жолдама, түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылған болатын. Ұтыс 2025 жылдың оқырман қауымы үшін де жалғасады. Республика күніне орай өткізіліп жүрген іс-шараның бас демеушісі – «Сосновый бор» шипажайы. «Тобыл» футбол клубы, «Аllur» компаниясы, «Аманат», «Ауыл» партиялары, «Еуразиялық банк» АҚ, «Емшан» сауда үйі мен облыстың басқа да кәсіпкерлері. Ұтыс ойынына қатысу үшін 2025 жылға 6 айдан 12 айға жазылу керек. Сонда сіз автоматты түрде ұтыс ойынына қатысушы атанасыз. Осылайша сыйлық иегері болып қалуыңыз мүмкін.