Қостанай қаласында антитеррористік оқу-жаттығу өткізеді Сурет ЖИ арқылы жасалды

Қостанай қаласында антитеррористік оқу-жаттығу өткізеді

2026 жылдың 30 сәуірінде сағ. 08:00 – 14:00 аралығында Қостанай қаласында, Қостанай облыстық терроризмге қарсы жедел штабының «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Қостанай филиалы Амангелді су қоймасының аумағында антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпаратқа сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

Жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

 

 

Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы