Құрбан айтта қазақстандықтар неше күн демалады?

Құрбан айтта қазақстандықтар неше күн демалады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылы Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді.

Құрбан айттың алғашқы күні – 27 мамыр – Қазақстанда ресми демалыс күні болып саналады. Биыл мереке сәрсенбіге түсіп отыр. Осылайша, қазақстандықтар аптаның ортасында бір күн демалады.

Бес күндік жұмыс аптасында кесте төмендегідей болмақ:

  • 25 және 26 мамыр — жұмыс күндері;
  • 27 мамыр — Құрбан айтқа байланысты демалыс;
  • 28 және 29 мамыр — жұмыс күндері;
  • 30 және 31 мамыр — әдеттегі демалыстар.

Алты күндік жұмыс кестесі бар қызметкерлер үшін де 27 мамыр мейрамдық демалыс болып есептеледі.