Диев ауылы көгілдір отынмен қамтылды

Диев ауылы көгілдір отынмен қамтылды

Әулиекөл ауданы Диев ауылының 2 мыңға жуық тұрғыны табиғи газ желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Аудан орталығындағы автоматтандырылған газ тарату станциясынан Диев ауылына дейінгі газ құбырын тарту жобасы 2024 жылдың тамыз айынан 2025 жылдың қазан айына дейін жүзеге асырылды.blankblank

«Бүгін – Диев тұрғындары үшін маңызды күн. Біз үйлерге көгілдір отын беріп отырмыз. Бұл – инфрақұрылымдық жоба ғана емес, адамдардың өмір сапасын жақсартуға жасалған үлкен қадам», – деді салтанатты рәсімде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

blankblankҚұрылыс жұмыстарының жалпы сметалық құны жергілікті бюджет есебінен 2 млрд теңге болды. Жалпы ұзындығы 56,3 шақырым газ құбыры салынды.
Газ қысымын жоғары деңгейден төмен деңгейге түсіру үшін төрт блокты газ реттеу пункті орнатылды.blankblankblankЕлді мекенге көгілдір отын тарату аясында Диев ауылындағы газ тарату желілерін салу жобасы да жүзеге асырылып, ол 2025 жылдың қазан айында аяқталды. Газ тарату желілерін салу жобасының жалпы сметалық құны – 535,625 млн теңге. Елді мекенге 17,4 шақырым газ құбыры тартылды.

«Ауыл ақсақалдары атынан және өз атымнан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыс басшылығына және осы ауқымды жобаны жүзеге асырған барлық маманға шынайы алғысымды білдіремін. Осындай қамқорлықтың нәтижесін көру – үлкен қуаныш. Табиғи газ келіп, әр шаңырақта жылу мен береке орнасын», – деді ауыл ақсақалы Қабыл Құсайынов.

blankОсылайша, аудандағы газдандыру деңгейі 51,8%-ға дейін өсіп отыр. Қазіргі таңда ауданда тағы 3 жоба іске асу және әзірлену сатысында. Олар: Құсмұрын (бірінші кезек), Новонежин және Тимофеев ауылдарындағы газ тарату желілерінің құрылысы.blankДиев ауылындағы жобаның жүзеге асуы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, тұрғын үй құрылысы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың дамуына ықпал етеді.blankblankblankАйта кетейік, Қостанай облысындағы 501 елді мекеннің 87-сі табиғи газбен қамтамасыз етілген. Облыстағы газ құбырларының жалпы ұзындығы – 5,1 мың шақырым. Оның 4,3 мың шақырымы – тарату желілері, ал 819,7 шақырымы – магистральдық газ құбырлары. Соңғы үш жылда (2023–2025 жылдары) шамамен 8 мың адам газ желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды. 2025 жылы облыстың газдандыру деңгейі 60,4%-ға жетті.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ