Қостанай өнерпаздары Ақтөбеге аттанды

Қостанай өнерпаздары Ақтөбеге аттанды

Республикалық «БЕС АСЫЛ» ұлттық өнер сайысына қостанайлықтар қатысушыларды шығарып салды.

Ақтөбе қаласында өтетін республикалық «БЕС АСЫЛ» ұлттық өнер сайысында Қостанай облысының намысын қорғайтын өнерпаздар жолға шықты.

Ұлттық өнер мен руханиятты дәріптейтін дүбірлі додада Қостанай облысынан төмендегі қатысушылар бақ сынайды:

 

🔹 Команда жетекшісі:

▪️ Айбек Қалиев

 

🎤 Айтыс өнері бойынша:

▪️ Еламан Тұрсын — түре айтыс

▪️ Тоба Өтебаев — қыз бен жігіт айтысы

▪️ Айбар Рағатов — қайым айтыс

▪️ Батырлан Сағынтаев — сүре айтыс

 

🎶 Дәстүрлі өнер жанры бойынша:

▪️ Нұрболат Арзамасұлы — дәстүрлі ән

▪️ Нағашыбай Алпыс — термеші

▪️ Абзал Алпыс — жыршы

▪️ Данияр Рысбеков — күйші

 

📌 Команданың таныстырушысы:

▪️ Нұрислам Рағат

 

Қостанай облысының өнерпаздарына шығармашылық табыс, сахнада сәтті өнер көрсету мен жеңіс тілейміз!

Ұлттық өнеріміздің абыройын асқақтатып, ел намысын лайықты қорғайды деп сенеді.