Өңір автожолдарындағы бұл тақталарда апаттық өлім-жітім мен жарақат алу статистикасы көрсетілген. Бұл бастаманың мақсаты – жүргізушілердің назарын жол-көлік оқиғалары проблемасына аудару және көлік тізгінінде барынша сақ болуға шақыру.
Осындай паннолардың бірін Қарабалық аудандық полиция бөлімі қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдерімен бірге «Алматы – Екатеринбург» автожолының 382-шақырымында орнатты.
Облыстық Полиция департаментінде атап өткендей, мұндай ескерту паннолары өңірдің барлық апаттық қауіпті учаскелерінде орнатылады. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қосымша шаралардың бірі.
Полиция жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, көлік жүргізу кезінде мұқият болуға және әрбір статистиканың артында адам өмірі тұрғанын ұмытпауға шақырады.
