23 июня, 2025
Қиын жылдарды еске алды

Қиын жылдарды еске алды

Қостанайдағы Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ академиясының 1-курс курсанттары үшін «Дорожный» кітапхана-филиалы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тарихи экскурсия өткізді.

«Қиын жылдарды еске алу» деп аталған бұл шара ХХ ғасырдың ең ауыр кезеңдеріне — 1930-1950 жылдардағы саяси репрессия мен ашаршылық оқиғаларына арналды.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақ — Қостанай облыстық музейінің ғылыми қызметкері Назима Қанышбайқызы Оташева болды. Ол қатысушыларға сол кезеңге қатысты мұрағаттық деректер мен өлкетану материалдарын ұсынды.

Шара бір минуттық үнсіздікпен басталып, қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналды. Кітапханашы тарихи деректерге негізделген тұсаукесер арқылы курсанттарды саяси қуғын-сүргін тарихымен таныстырып, кітапханадағы арнайы ұйымдастырылған «Қиын жылдарды еске алу» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Бұл шара жас буынға өткеннің ауыр сабақтарын ұмытпай, тарихтан тағылым алуға мүмкіндік берді.

 Ақмарал Қоржынбаева,

«ДОРОЖНЫЙ» КІТАПХАНА-ФИЛИАЛЫ меңгерушісі