Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады? Фото: baq.kz архив

Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады?

Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ .

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі сенбіге сәйкес келуіне байланысты демалыс 10 наурыз дүйсенбіге ауысады. 5 күндік жұмыс аптасы үшін 8, 9, 10 наурыз – демалыс болады.

6 күндік жұмыс үшін 8, 9 наурыз – демалыс болса, 10 наурыз – жұмыс күні. Наурыз мейрамында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады. 6 күндік жұмыс аптасы үшін 21, 22, 23, 24 наурыз – демалыс, 25 наурыз – жұмыс күні болып белгіленді.

Жаңалықтармен бөлісу