Қазақстандық Алина Дауранова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында 1 000 метрге жүгіруде жеке рекорд орнатты, деп хабарлайды Sports.kz .
Спортшы бұл қашықтықты 1 минут 15,24 секундта бағындырып, 13-орынға табан тіреді және жерлестері арасында үздік атанды.
Жарысты Екатерина Айдова 14-ші (1:15.29), Инесса Шумекова 24-ші (1:18.57) орынмен аяқтады.
Канаданың Калгари қаласындағы жарыс 18 ақпанда аяқталады. Турнирде сарапқа салынатын төрт медаль жиынтығы қалды. Қазақстандықтардың ішінен жексенбі күні тек Айдова қатысады – ол 1500 метр қашықтықта сайысқа түседі.