Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Қазақстанда зиян өнімдердің таралуын шектеуді, сондай-ақ құрамында қант мөлшері жоғары пайдасы жоқ тағамдар мен энергетикалық сусындарға қосымша салық енгізуді қарастыруды ұсынды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенатор премьер-министр Әлихан Смайыловқа соңғы уақытта қазақстандық нарықта “шығу тегі белгісіз құнарсыз тағам” пайда болғанын мәлімдеп, сауал жолдады. Жексенбайдың айтуынша, әртүрлі елдерден бізге азық-түлік және пайдалылық коэффициенті жоқ тауарлар әкелінеді. Сонымен қатар, зиян өнімдердің көпшілігі көшелер мен жертөлелерде шығарылады.
“Еліміздің заңнамасына сәйкес, әрбір өнімде қазақ және орыс тілдерінде өндіруші, құрамы, пайдалану шарттары туралы ақпарат болуы керек. Алайда, еліміздің дүкендері мен базарларында сатылатын арзан зиян өнімдерге қатысты бұл талаптар сақталмайды”, – деді Бибігүл Жексенбай.