Тәуелсіздік жылдары Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту және құру жұмыстары нәтижесінде олардың алаңы 869 мың га-дан 30,9 млн га дейін ұлғайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев хабарлады.
Оның айтуынша, елімізде биологиялық әртүрлілікті сақтап қалу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде сирек кездесетін жабайы жануарлар популяциясы айтарлықтай өсті.
«Қар барысының санын қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылданды, олардың негізгі тіршілік ету учаскелерінде 3,6 млн га аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды, қазіргі кезде қар барысы мекендейтін жерлердің 70%-ке жуығы ерекше қорғалатын аумақтармен қорғалған», – деді спикер.