Қостанайда белігілі бір жеке тұлғаның үстінен қылмыстық айыптау актілері тіркелді. Облыстық прокуратура өкілдерінің мәліметіне сәйкес, ол 2019-2023 жылдар аралығында вагондарды жеткізіп, жалға берумен айналысып келген. Ондағы ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алу барысында 18 жәбірленушінің жалпы сомасы 900 млн теңгеден астам ақысын қолды қылған.
Қылмыстық жолмен алынған қаржыға бизнесін кеңейту үшін жатақхана сатып алып, заңдастырып үлгеріпті.
“Күдіктінің іс-әрекеттері ірі мөлшерде жасалған алаяқтық, алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру бойынша сараланды. Қылмыстық баптардың санкциясы (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағы, 195-бөлігі 4-тармағы 2) тармағы, 218-бөлігі 1-бөлігі) оның мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең қатаң жазаны көздейді”, – делінген хаттамада.
Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.