Қостанай ауданы әкімдігі Тобыл өзеніне жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде мұз жару жұмыстары қажет учаскелер анықталғанын хабарлады.
Осыған байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, алдын ала қозғалыс бағыттарын жоспарлау қажеттігі ескертіліп жатыр.
“18 наурызда аудан аумағында орналдасқан Константинов, Садчиков, Садовый ауылдары, Алтын-Дала ауылдарының маңы мен КЖБИ, Орталық және Корей көпірлерінің тұсында жалпы көлемі 33 000 м³ мұз жару жұмыстары жүргізіледі. Абай болыңыздар және қосымша хабарламаларды қадағалаңыздар”, – деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.