Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Әзербайжан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы арасында ғылыми басылымдардың бірлескен тізімін бекіту туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа сәйкес, екі елдің ғалымдары біріккен ғылыми журналдарда, сондай-ақ екі республиканың басылымдарында жариялаудың бірегей мүмкіндігіне ие болады, бұл ғылыми жарияланымдар мен білім алмасудың көкжиегін кеңейтеді.
«Келешекте біз ғылым гранттарын, ғылыми жобаларды сараптау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді қалаймыз, өйткені ғылыми қоғамдастық қажет және әртараптандырылған түрлі пікірлер мен сараптамалардың болуы өте маңызды», – деп атап өтті ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның жетекші университеттері арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.