Енді ол ауылдың мәдениет үй мен әкімдігі, фельдшерлік амбулаториясы автоматты түрде газбен жылытылатын болады. Бұған дейін ол жерлерде көмір жағылып келген.

Мамандардың айтуынша, бұл қазандықтың құны 25 млн теңге тұрады. Біріншіден бұл өзгеріс ауылдың экологиялық жағдайын жақсартып отыр. Ол жайлы Мемлекет басшысы да жиі айтып жүр.

«Бұл жақта басты мәселе көмірдің сапасында болатын. Ол адамдарға улы газ таратуымен қатар, күн қатты суығанда дұрыс жанбайтын. Әсіресе, түнгі уақытта жұмыскерлерге көп күш жұмсауына тура келетін. Қазір тетігі қашықтан автоматты түрде басқарылады. Бұл мәселе шешілді», – дейді аудандық «Жылу» коммунальдық кәсіпорынының басшысы Марат Танылов.
Ауыл әкімі Ирина Проскурникова мәдениет үйінің алғашқы іргетасы сонау алпысыншы жылдары қаланғанын айтады.

«Бұл ғимарттың тарихы теңде жатыр. Іргетасы 1965 жылы қаланған. Үш жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізіліп, іші-сырты жаңа кейіпке енді. Былтыр осы жерден фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Дей тұрғанмен, қыста қиналатынбыз. Енді жағдай жасаратынына сенімдіміз», – дейді ауыл әкімі.
Иә, анау айтқандай, ауыл тұрмысы біршама жақсарған сыңайлы. Жағалай көшелеріне қара жол төселген. Көгілдір отынмен қамту науқанының кезегі жеке секторларға да тиеді деген үміт бар.

Бүгінде елді мекенде жеті жүзге жуық халық тұрады. Ерболсын Әбдібеков ауылға жаңадан келген дәрігер. Үкіметтің ауылдық жерге жасап отырған қамқорлығына дән риза.
«Бұрын Рудныйдың жедел жәрдемінде қызмет істегенмін. Тәжірибем бар. Десем де ауылдық жерге біз сияқты маманда ауадай қажет. Осы ауыл бізге бір жағынан бақ болып келді. Осында кішкентайлы болдық. Бұл құрылғының мекемемізге көп пайдасы тигелі отыр. Кабинеттерге қажетті темпаратураны сақтап отыру, емделушілерге де жақсы болады деп ойлаймын», – дейді ол.
Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов жобаны әрі қарай тиімді жүзеге асыруды тапсырды.

«Кез келген жобаны қолға аларда екі жақты тиімділігін қарастырған абзал. Аз шығынмен мол пайдаға шығу формуласын қолданайық. Екіншіден ұзаққа барып, жергілікті тұрғындар игілігін көре түскені дұрыс. Қалған ауылдарды да қолайлы тіршілікпен қамтамасыз ету қажет», – деді әкім.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
