Қамыстылықтар сайлауға жұмыла кірісті

Қамыстылықтар сайлауға жұмыла кірісті

Қамысты ауданында Қамысты, Клочков ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау талапқа сай жүргізілуде. Сайлау учаскелерінде дауыс беру таңертеңгі сағат 7.00 де басталды.

Қамысты аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А. Мақаеваның айтуынша, сайлау учаскелерінде әзірге ешқандай құқық бұзушылықтар болған жоқ. Тұрғындардың белсендігілі жоғары.

Олардың қатарында 18 жастағы бірінші рет дауыс берген Виолетта Беляева  мен Диляра Махмудовалар да бар.

2005 жылы туған Виолетта есімді азаматша саяси науқанға алғаш рет атсалысып отырғанын айтады.

«Бірінші рет дауыс беруге келіп, өзімнің азаматтық міндетімді орындап, өз қалауымды жасадым», – дейді бірінші рет сайлауға қатысып тұрған Виолетта Беляева.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Қамысты ауданы

Жаңалықтармен бөлісу