Бүгін Қостанай ауданының Октябрь және Владимиров ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Барлық учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылар үшін таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық.
Дәл қазір жоғарыда аталған елді мекендерде ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы жалғасу үстінде. Екі округ те бұған дейін осындай тәжірибеден өткен. Демократиялық сайлау – бәсекелестік, мерзімді және өкілді сайлау. Оның барысында кең еркіндікке ие азаматтар өз өкілдерін билік құрылымдарына балама негізде сайлай алады.
Аудан әкімдігі дауыс беруге құқығы бар барлық жергілікті тұрғындардан саяси науқаннан шетте қалмауға шақырады.