Осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізген еді.
Онда Президент Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұратынына тоқталып, бұл саяси шара, ең алдымен, ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқанын айтқан.
“Алдағы сайлау біз жүзеге асырып жатқан саяси реформаларға тың серпін береді деп сенемін. Сондай-ақ тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашады”, – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылға жоспарланған маңызды науқан бүгін облысымыздың Қостанай, Алтынсарин, Қарабалық, Федоров, Қамысты ауданында өтіп жатыр. Таңғы жетіде басталған тұрғындардың дауыс беру іс-шарасы кешке сағат 20:00-де аяқталады. Әр ауданнан толығырақ ақпаратты кейінірек хабарлайтын боламыз.