“Тобыл” ел біріншілігін жеңіспен бастады 

“Тобыл” ел біріншілігін жеңіспен бастады 

Қазақстан футбол лигасының алғашқы турында Қостанайдың “Тобылы” түркістандық “Тұранды” қабылдады.

Ойынның бірінші бөлігінде ойын қостанайлық команданың басымдығымен өтті. Шамамен отыз бесінші минутында қонақтар өз айып алаңында тәртіп бұзды. Пенальтиден Ахмед Эл-Мессауди көзге түсті. Ойынның екінші таймында да “Тобыл” қарсыластарына мүмкіндік берген жоқ. Қайта шабуылды үсті-үстіне үдете түсті. Кездесудің 60 минутынан кейін Ахмет Эл-Мессауди мен Роман Асранкуловтың керемет комбинациясын Дэвид Энен ұрымтал тұстан пайдаланды. Закиров қақпасының сол бұрышын дәл көздеді. Қостанайлық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді наурыздың алтысы күні “Тобыл” Семейдің “Елімайын” қабылдайды.

Жаңалықтармен бөлісу