Қала тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді

Қала тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді

Қостанай полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғынының қаражатын  алаяқтық жолмен иемденген қылмыскерді қолға түсірді. Алаяқтан белгілі бір сома көлемінде тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

«Облыс орталығының тұрғынымын. Алаяқтық жолмен иемденген қаражатымды қайтарудағы жедел жұмысы үшін полиция сержанты Серік Абайұлы Шанкенов пен полиция лейтеанты Гүлбаян Амантайқзыны алғыс білдіремін», – дейді Қостанай қаласының тұрғыны А.К. Сұлтан қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Б.С. Имановтың атына білдірген алғыс хатында. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңалықтармен бөлісу