Президент ауылды дамытуға арналған негізгі міндеттерге арнайы тоқталды

Президент ауылды дамытуға арналған негізгі міндеттерге арнайы тоқталды

Бұл жерде инфрақұрылымды жаңғыртуға және бизнесті қолдауға басымдық берілуі керектігін баса айтты.

“Ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болмақ, яғни «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» және тағы басқа бағдарламалар. Үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтемін. Жалпы, ауыл шаруашылығында шешілмеген мәселелер аз емес. Фермерлер, сарапшылар түрлі түйткілдер туралы жазып жатыр. Мысалы, бордақылау орындары малсыз, жартылай бос тұр, себебі, мал көрші елдерге төмен бағамен сатылып жатыр. Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін барлық мәселеге баса мән беру қажет”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керектігін, қазір бұл міндет, негізінен, «Қазпошта» арқылы орындалып жатқанын тілге тиек етті. Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

 

t.me/aqorda_resmi

Жаңалықтармен бөлісу