Президент: «Әкімдер қайтарылған барлық жерді келесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізуге тиіс»

Президент: «Әкімдер қайтарылған барлық жерді келесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізуге тиіс»

Президент жер қойнауының заманауи картасын жасау керек екенін және әкімдер қайтарылған барлық жерді келесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізуге тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді.

«Мұндай қадамдар кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады», – деді мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек ол ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, әкімдер қайтарылған барлық жерді келесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізуге тиісті деді президент Тоқаев.

Жер иесіз қалмауы керек. Жерді тек қана оның қадірін білетін адамға ғана беру керек. 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 млн гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ әкімдер соның 6 млн гектарын ғана жер игеруге берілген. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы керек. Бұл – анық нәрсе. Сондықтан әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы да шешілуі керек. Ауыл шаруашылығы жерін беру тәсілін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс», – деді президент Жолдауда.

Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет.