Тоқаев инфляцияны Қазақстанның басты проблемасы деп атады

Тоқаев инфляцияны Қазақстанның басты проблемасы деп атады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауы барысында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, бүгінгі күні елдегі басты проблема – жоғары инфляция. Ол іс жүзінде экономикалық көрсеткіштер мен азаматтар табысының өсімін жоққа шығарып отыр.

«Бұл мәселенің дайын шешім рецепті жоқ. Онымен көптеген мемлекеттер бетпе-бет келіп отыр және ол, шын мәнінде, әмбебап сипатқа ие, алайда біздің жағдайымызда ерекше өткір сипат алды. Бұл макроэкономикалық тұйық шеңберден шығу керек. Қайта туындайтын қиындықтарды еңсеру үшін алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені ескеру қажет, сондай-ақ танымал емес шаралар үшін жауапкершілікті қабылдауға дайын болу керек.

Үкімет пен Ұлттық банк біртұтас команда ретінде әрекет етуі тиіс, өйткені жағдайдың күрделілігін ескерсек, бұл – жалпымемлекеттік міндет. Қазір арқан тартумен айналысатын уақыт емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.