Полиция 45 минут ішінде көлік аккумуляторының ұрлығын ашты

Полиция 45 минут ішінде көлік аккумуляторының ұрлығын ашты

Рудный қаласына қарасты Қашар кентінде ВАЗ-2101 автокөлігінің иесі полицияға құны 15 000 теңге болатын қара түсті аккумулятордың ұрланғаны туралы арызбен жүгінді.

Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыс түнде жеке үйдің аумағында жасалған.

Белгісіз адам көліктің капотын ашып, аккумуляторды қолды қылған.

Полиция ұрлық фактісін жедел тіркеп, тергеуді бастады. Жауап алу кезінде жәбірленуші сол күні ата-анасына келіп, көлікті капотын бекітпей, қараусыз қалдырғанынын айтты.

45 минут ішінде күдікті анықталды. 47 жастағы жергілікті тұрғын түнде көліктің капотын ашып, аккумуляторды алып кеткен.

Оны сатпақ болған ол ұрланған затты Қашардың үшінші шағын ауданында қардың астына жасырғанын мойындады.

Көлік қосалқы бөлшегінің иесі полицейлерге жеделдігі үшін алғысын айтты.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу