Полицейлер  боранда адасқан жігітті құтқарып қалды 

Полицейлер  боранда адасқан жігітті құтқарып қалды 

Лисаков қаласының тұрғыны ұлының жоғалып кеткені туралы полицейлерге хабарлайды.

Екі дос сол күні қатты боранға қарамастан, Новоильинов ауылына сапарға шыққан. Жолда ұрысып қалып, жолаушы жаяу жүруге шешім қабылдайды.

Жергілікті полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Данабек Егембердиев пен патрульдік полиция қызметкері Әлібек Жүнісов дереу іздеуге кіріседі.

“Мен бұл аймақты жақсы білемін. Өйткені, осында 3 жылдан бері жұмыс істеймін. Әріптесім екеуміз қызметтік көлікті жолдың жиегіне қалдырып, далада ер адамды іздедік. Біз оны қардың үстінде жатқан жерінен тауып алдық. Сол жерде бір жарым сағаттан астам жатып қалған және ұйықтап кетуі мүмкін еді”, – дейді Данабек Егембердиев.

Жоғалған жігіттің анасы полицейлерге жалғыз ұлын құтқарғаны үшін алғыс айтты. Қостанай облысының Полиция департаменті жүргізушілерді төтенше жағдайларға қатысты хабарламаларды ескеруге және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Жаңалықтармен бөлісу