Полиция “15 ақпанда балаларды атамыз” деп жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр

Полиция “15 ақпанда балаларды атамыз” деп жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр

Әлеуметтік желіде Қостанайдағы мектептердің бірінде террорлық қылмыс дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратылады.

Полиция осыған байланысты қылмыстық іс қозғады.

“Жалған жарияланымның авторын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Арандатушылыққа берілмеуіңізді, хабарламаны жібермеуіңізді және тек ресми ақпаратқа сенуіңізді сұраймыз”, – деп хабарлады облыс ПД баспасөз қызметі.

Осындай жалған хабарлама үшін кеше Қарағандыда кәмелетке толмаған бала ұсталған еді.

Жаңалықтармен бөлісу