Питбуль үш жасар баланы талап тастадыды

Питбуль үш жасар баланы талап тастадыды

Бетінің сау-тамтығы қалмаған сәби облыстық балалар ауруханасына ауыр хәлде түсті, деп хабарлайды Alau.kz

Оқыс жағдай Тобыл қаласында болған. 3 жасар баланы питбуль қауып алған.

“Қыз бала ауыр хәлде түсті. Еріні, беті жыртылып кеткен. Шұғыл операция жасалды. Ернін құрастырып, бетін әр жерден тіктік. Бала жансақтау бөлімінде бірнеше күн болды. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Бала белсенді, жүгіріп ойнайды, тамақ ішеді. Тігістерін жіті бақылап отырмыз. Қабыну белгілері жоқ”,- дейді аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкий.

Жаңалықтармен бөлісу