Өтініш беріп үлгеріңіз

Өтініш беріп үлгеріңіз

Қостанай қаласында жұмыссыздық деңгейі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы санынан – 1,2%. Яғни, қазан айындағы Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек тіркелген 151 948 адамның ішінде 1837-і жұмыссыз.  

            Мансап орталығы филиалының басшысы Амангелді Ержановтың айтуынша, соңғы тоғыз айда 1122 адам жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары арқылы азаматтарды жұмыспен қамту жүріп жатыр.

            – Жұмыс іздеушілер 2023 жылдың 31-қазанына дейін “Еnbek.kz” порталы арқылы өтініш бере алады. Олар әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар,” алғашқы жұмыс орны”, “ұрпақтар келісімшарты”, “күміс жас” жобалары арқылы орналаса алады, – деді А.Ержанов.

Бұл жобалардың артықшылығы мемлекет жұмыскердің жалақысын субсидиялайды. Мысалы, жастар практикасымен қызмет алынған маманға 103 500 теңге жалақы төленеді. Бұл мемлекет төлейтін сома, егер жұмыс беруші қаласа үстеме қосуына болады. Келісім-шарт алты айдан бір жылға дейін жасалады. Өзінің қабілетін көрсете білген маманды келісім-шарт уақыты аяқталса да жұмыс беруші қызметте қалдыра алады.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу