Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқара ауданына жасаған сапарында бірқатар спорт нысандарын аралап көрді. Жанадан салынып жатқан ангар үлгісіндегі спорт залдың құрылысымен танысты. Нысан “Қазақстан халқына” қорының қаржысы есебінен санылуда. Оған 160 млн теңге бөлінген. Болашақта сауда орталығына айналатын қайта жаңартылатын ғимараттың жай-күйін бақылады. Нысан құрылысы келер жылы толық аяқталады. “Абис” ЖШС директоры А.Бисімбаев өзінің қаржысына жаңғыртып жатыр. Бұдан кейін орталықтағы жақында пайдалануға берілген “Жігер” стадионында болды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Б. Көркембаев