Өңір басшысы Құмар Ақсақалов өз таңдауын жасады

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов өз таңдауын жасады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қалалық музыка мектебінде орналасқан №3 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Қазақстан тарихында тұңғыш рет өтіп отырған Құрылтай сайлауында өңір басшысы таңдауын жасап, бұл саяси науқанның мән-маңызы жөнінде пікірін білдірді.blankblankblankblank

«Бүгін еліміздің саяси өміріндегі маңызды күн. Жаңа Конституция аясындағы Құрылтайдың алғашқы сайлауы – мемлекетіміздің болашағын айқындайтын, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын аса жауапты тарихи сәт. Қостанай облысында сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық шаралар қамтамасыз етілді. Сайлау учаскелері заңнама талаптарына сәйкес жұмыс істеп, азаматтардың өз таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауына барлық жағдай жасалды. Біздің ортақ міндетіміз – Құрылтай сайлауының ашықтық, әділдік және «Заң мен тәртіп» қағидаттарына толық сәйкес өткізу. Аймағымыздың тұрғындары да ел болашағы жолында өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп, таңдауын жасайды деп сенемін», – деді Құмар Іргебайұлы.

blankБұл №3 сайлау учаскесіне 1504 адам тіркелген. Мұнда дауыс беру барысын қадағалайтын тұлғалар ЕҚЫҰ және қоғамдық ұйымдардан арнайы жіберілген. Жауапты мамандардың айтуынша, халық белсенділігі жақсы.blankblankblankblankblank

«Таңғы сағат 6-дан бастап учаскеміздің есігі ашылды. Сол сәттен пария өкілдерін, бақылаушыларды тіркеп, бір сағаттан соң Мемлекеттік Әнұранмен жұмысты бастадық. Сағат 7 болмай аулаға жиылып, алғашқы болып дауыс берген кісілер бар. Бірінші келген алғашқы үш адамға сыйлықтар үлестірдік. Елдің алды болып ақсақал мен ақ жаулықты әжей таңдау жасады. Сондай-ақ туған күн иелері, бірінші рет дауыс бергелі отырған жастар бар. Оларды да сый-сияпатымызбен қарсы аламыз деп күтіп отырмыз», – дейді учаске төрағасының орынбасары Қымбат Бірмағамбетова.

blankУчаске маңы ашылған сәттен бастап ән-күйге бөленіп, дауыс беруші азаматтарды көтеріңкі көңіл-күймен қабылдау үстінде. Музыкалық мектеп ауласында кішігірім ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қызып, азық-түлік арзан бағамен сатылып жатыр. Ас-ауқат әзірленіп, көпшілікке дархан пейілмен дәм ұсынылып жатыр. Мәдени көрме жайылып, тоғызқұмалақ пен шахматтан шағын жарыс ұйымдастырылуды. Ал мектептің дарынды шәкірттерінің ән шашуы кешке дейін жалғаспақ.blankblankblankblankblankblankblankblank

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ