Облыстық спартакиаданың алғашқы жарыс қортындылары шықты

Облыстық спартакиаданың алғашқы жарыс қортындылары шықты

Алтынсарин ауданында жазғы ойындар спартакиадасы өтіп жатыр. Онда спорттың тоғыз түрінен мыңнан астам спортшылар бақ сынауда. Спартакиадасының  алғашқы күнінде грек-рим күресі мен гір көтеруден қатысқан спортшылар жарысты аяқтады.

Жарыс қорытындысы бойынша 59 келіде Лисаков қаласынан қатысқан М. Искендиров, 66 келіде Қостанай ауданынан А. Тобылбек, 71 келіде қостанайлық К. Минко, 75 келіде рудныйлық А.Хапко, 80 келіде Р.Ержанов, 85 келіде қостанайлық Р.Сапиев, 98 келіде рудныйлық М.Баршалықов, 130 келіде қарабалықтық А.Біржановтар жеңіс тұғырына көтерілді. Командалық есепте Қостанай қаласы бірінші, Қостанай ауданы екінші, Әулиекөл ауданы үшінші орындарды бөлісті.


Гір көтеруден қостанайлық М.Шаекенов(63 кг), арқалықтық Р. Исмагилов (68 кг), қостанайлық Д.Долгашов(73 кг), С. Турченко(78 кг), Н. Друца(85), К. Мартынчиктер(95 кг), 95 тен жоғары салмақта И.Кангаш жеңімпаз атанды. Командалық есепте Қостанай қаласы бірінші, Арқалық қаласы екінші, Қостанай ауданы үшінші орындарды иеленді.

Жаңалықтармен бөлісу