Қазіргі уақытта облыста 16 түрлі бағыттағы ішкі жолдарды су басты. Осы жағдайға байланысты республикалық, облыстық маңызы бар кейбір жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды.
Мәселен, Жітіқара ауданы Маринов ауылына кіреберіс жол жабық. Арқалық–Торғай тас жолы, Жанкелдин ауданындағы Шұбалаң–Қарасу, Тоқанай–Саға–Бидайық, Көкалат–Көлқамыс, Торғай–Шеген–Ақшығанақ, сондай-ақ Арқалық–Екідің, Аманкелді ауданындағы Аманкелді–Үрпек бағытындағы жолдар жабылды.